08.06.2018, 12:21 730 Александр Колядинге паралимпиададағы ерлігі үшін 250 мың доллар берілді

Пхенчханда өткен Паралимпиада ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлеріне бір реттік ақшалай төлем берілді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Кореяның Пхенчхан қаласында өткен Паралимпиада ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлеріне осы апта ішінде бір реттік төлем толықтай берілетінін хабарлаған болатын. 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ақпаратына сүйенсек, бүгінгі күні төлем толықтай берілді.

I орын – Александр Колядин (шаңғы жарысы,1,5 шақырым спринт);

IV орын - Александр Герлиц (шаңғы жарысы 20 шақырым) және VI орын (биатлон 12,5шақырым).

Сонымен қатар, шаңғы жарысы бойынша эстафетада  (4х2,5шақырым) Александр Колядин, Александр Герлиц, Петренко Денис VI орынға ие болған еді.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Паралимпиада ойындарының қорытындысы бойынша I орын үшін  250 мың АҚШ доллары,  IV, VI орындар –30 мың және сәйкесінше 5 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай төлем берілді.

Айта кетейік, спортшылардың жаттықтырушыларына да дәл осындай қаржы көлемінде төлем төленді.   

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал