13.06.2018, 18:52 264 Александр Недовесов Алматыдағы Челленджер сайысының ширек финалына өтті

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Алматыда өтіп жатқан "Челленджер" турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Недовесов алғашқы айналымда отандасы Тимур Хабибуллинді үш сет қорытындысы бойынша ұтқан еді. Екінші айналымда жерлесіміз турнирдің 7-ші ракеткасы болып тіркелген Нино Сердарусецпен жолықты.

Бірінші сетте 5:7 есебімен ұтылған қазақстандық теннисші қалған екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Енді ширек финалда Недовесов австралиялық Юрий Радионовпен күш сынасады.

Еске сала кетейік, Алматыдағы "Челленджер" турнирінің жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын құрайды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал