- ЖАҢАЛЫҚТАР
- Танымал
Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында садақ ату спортынан сынға түскен Александра Воропаева 1/8 айналымда жеңілді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.
Воропаева қытайлық Менгяо Жангпен кездесіп, 1:7 есебімен ұтылды.
Ерлер арасында бақ сынаған Әлихан Мұстафин де жарыс жолынан шыққан болатын.