23.08.2018, 12:48 742 Алексей Луценко аса тартысты бәсекеде Азия ойындарының алтынын жеңіп алды

 

Бүгін Азия ойындарында велоспорттан топтық жарыс аяқталып, қазақстандық Алексей Луценко чемпион атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

150 шақырымға созылған жарыс аса тартысты өтті. Әсіресе, мәреге жақындаған тұста медальға үміткер бес спортшы барын салды. 

Алексей Луценко екі жапондық және екі таиландтық велоспортшының көрсеткен қысымына қарамастан, мәре сызығын бірінші болып кесті. Луценконың уақыт көрсеткіші - 3:25:25.

Күміс жүлде Жапония, қола жүлде Таиланд спортшысының еншісінде.

Велоспортшы Қазақстан қоржынына Азия ойындарындағы екінші алтын медальді салып отыр.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал