03.07.2018, 17:39 1389 Әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі қарсыластар белгілі болды

Баскетболдан 2019 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің екінші айналымындағы Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

D тобына 9 ұпаймен екінші орын алған жерлестеріміз келесі айналымға өткен болатын. Өз тобында соңғы орын алған командалар жарыс жолынан шығып қалды. Ал бірінші раундтағы төрт топ алты командадан құралған екі топқа бөлінеді. 

Осылайша, D және В топтары F тобына айналып, келесі раундта Австралия, Филиппин және Жапония құрамаларына қарсы ойнаймыз. 

Қазақстан құрамасының алғашқы ойындары 13-17 қыркүйекке жоспарланған. Отандық баскетболшылар алғашқы матчты 13 қыркүйек күні өз жерінде өткізсе, келесі ойын Австралияға қарсы өтпек. 

30 қараша мен 3 желтоқсан аралығында сырт алаңда Филиппин және Жапония елдерімен тартысты кездесулер жоспарланған. 

Ал  21-24 ақпан күндері Австралия мен Филиппинге қарсы ойын Қазақстанда ойналады. 

Іріктеу кезеңі аяқталған соң топтағы алғашқы үш орынды иеленген командалар Әлем чемпионатының жолдамасын иеленеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал