19.10.2018, 11:30 1307 Әлем чемпионатына қатысатын балуандардың есімі аталды

Қазанның 20-28 аралығында Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалауын көтереді. Осыған байланысты Қазақстан құрамасының бапкерлері дүниежүзілік додада ел намысын қорғайтын балуандардың есімін атады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР күрес федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Әлем чемпионатын алғашқы болып, еркін күрес балуандары бастайды. Одан кейін бозкілемге бойжеткендер шықса, жарысты грек-рим күресінің шеберлері аяқтайды.

Еркін күрес – Нұрислам Санаев (57 келі), Қуат Әміртаев (61 келі), Дәулет Ниязбеков (65 келі), Амандық Бәкеев (70 келі), Болат Сақаев (74 келі), Бақтияр Ізбасаров (79 келі), Әділет Дауланбаев (86 келі), Нұрғали Нұрғайыпұлы (92 келі), Ермұхамед Іңкәр (125 келі); Бас бапкер - Әсет Серикбаев.

Қыздар күресі – Валентина Исламова (50 келі), Жұлдыз Эшимова (53 келі), Марина Седнева (55 келі), Эмма Тисина (57 келі), Алтынай Сатылған (59 келі), Аяулым Қасымова (62 келі), Екатерина Ларионова (68 келі), Жәмила Бақбергенова (72 келі), Эльмира Сыздықова (76 келі); Бас бапкер - Нұрлан Аманқосов;

Грек-рим күресі – Жансерік Сәрсенбиев (55 келі), Айдос Сұлтанғали (60 келі), Айдын Нұғымаров (63 келі), Мейіржан Шермаханбет (67 келі), Демеу Жадыраев (72 келі), Тамерлан Шадукаев (77 келі), Мақсат Ережепов (82 кг), Азамат Құстыбаев (87 келі), Әлімхан Сыздықов (97 келі), Мансұр Шадукаев (130 келі). Бас бапкер - Нұрым Дүйсенов.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал