14.06.2018, 16:26 835 Әлем чемпионатына жанкүйерлер қай елден көп келді

Ресейдегі әлем чемпионатына қай елден көп жанкүйерлер жиналғаны белгілі болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар24-ке сілтеме жасап.

Ең көп жанкүйер АҚШ-тан келді, олардың саны 88 мыңға жуық. Сонымен қатар, Ресейде жүрген футбол фанаттарының саны жағынан Бразилия, Колумбия, Германия, Мексика, Аргентина мен Қытай көш бастап тұр. Олар өткен түнде Мәскеу көшелерінде жалау ұстап, би билеп, ән айтып, нағыз футбол карнавалын ұйымдастырды. Әзірше жанкүйерлер қала аралап, елдің тыныс тіршілігімен танысып жүр.


Бүгін Ресей астанасында футболдан әлем чемпионаты басталады. Алғашқы болып Ресей мен Сауд Арабиясы жасыл алаңға шығады. ФИФА Ресейдің 11 қаласында өтетін ойындарға қазірдің өзінде 2 миллион 400 мың билет сатылғанын хабарлады.

Бүгін Ресей астанасында футболдан әлем чемпионаты басталады. Алғашқы болып Ресей мен Сауд Арабиясы жасыл алаңға шығады. ФИФА Ресейдің 11 қаласында өтетін ойындарға қазірдің өзінде 2 миллион 400 мың билет сатылғанын хабарлады. Ең көп жанкүйер АҚШ-тан келді, олардың саны 88 мыңға жуық. Сонымен қатар Ресейде жүрген футбол фанаттарының саны жағынан Бразилия, Колумбия, Германия, Мексика, Аргентина мен Қытай көш бастап тұр. Олар өткен түнде Мәскеу көшелерінде жалау ұстап, би билеп, ән айтып, нағыз футбол карнавалын ұйымдастырды. Сарапшылар мен жанкүйерлер Бразилия құрамасының шоқтығы биік дегенді алға тартады. Қазіргі чемпион – Германияның да бас жүлдеден үміті зор. Франция мен Испания да мықтылар қатарында. Әзірше жанкүйерлер қала аралап, елдің тыныс тіршілігімен танысып жүр.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/246772-lem-chempionatyna-e-k-p-zhank-jer-aj-elden-keldi
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал