01.10.2018, 10:52 5792 Әлем чемпионатында Андрей Зейц 22-ші орыннан көрінді

Австрияның Инсбурк қаласында өтіп жатқан велоспорттан әлем чемпионатында топтық жарыс аяқталды. Қазақстандықтар арасында ең үздік нәтижені Андрей Зейц көрсетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол 258 шақырымға созылған кезеңді 22-ші орынмен аяқтады. Ал бұл додада испандық Алехандро Вальверде жеңімпаз атанса, күміс жүлдені француз Роман Барде, қола медальді канадалық Майкл Вудс жеңіп алды. 

Қазақстандық Андрей Зейц жеңімпаздан 1 минут 21 секундқа қадып қойды.

Ал Азиада чемпионы Алексей Луценконың көрсеткіші – 36-шы орын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал