25.09.2018, 13:52 1470 Әлем чемпионатында Демьяненко бірінші айналымнан аса алмады

Бакуде дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионаты шарықтау шегіне жақындап қалды. Бүгін ерлер арасында 100, әйелдер арасында 78 келіге дейінгі салмақта жеңімпаздар анықталады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Өкінішке қарай, қазақстандық Виктория Демьяненко алғашқы кездесуінде ұтылды. Ол Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Иван Ремаренкодан жеңіліп қалды. 

78 келіге дейінгі салмақта Қазақстан атынан Зарина Райфова бақ сынайды. 

Еске сала кетейік, әлем чемпионатында Қазақстан бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал