20.09.2018, 16:24 1839 Әлем чемпионатында Ғұсман Қырғызбаев үшінші айналымды ұтылды

Бүгін Бакуде дзюдодан лицензиялық әлем чемпионаты басталды. Алғашқы жарыс күнінде 60 келідегі ерлер мен 48 келідегі қыздар шын мықтыны анықтайды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Өкінішке қарай, Ғұсман Қырғызбаев үшінші айналымда жеңіліп қалды.

Қырғызбаев бірінші кездесуде түркиялық Ахмед Кабаны, екінші белдесуде монаколық Ян Сиккардиді жеңген. 

Өкінішке қарай, өз тобындағы соңғы кездесуде бразилиялық Эрик Такаватакеден ұтылып қалды. 

48 келідегі Галбадрах Отгонцэцэг әзірге жеңіліссіз келеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал