26.10.2018, 10:36 755 Әлем чемпионатында Қазақстан ерлер командасы 7-ші орында келеді

Катар астанасы Дохада спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты басталды. Қазақстан ерлер командасы бірінші іріктеу кезеңінен соң жетінші орында, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Кешегі сында барлығы 24 команда өнер көрсетті. Біздің құрама намысын Милад Карими, Ілияс Азизов, Ербол Жантықов, Нариман Курбанов және Аким Мұсаев қорғаған болатын. 

Алты жаттығу қорытындысы бойынша Қазақстан командасы жалпы есебі 239.291 ұпай жинады. Құрама спортшылары қол тіреп секіруден ең жоғары ұпай алды – 41.532.

Дәл қазіргі сәтте Қазақстан спортшылары жетінші орында келеді. Бірінші орында Ресей, екінші орында Нидерланд, үшінші орында Швейцария құрамалары.

Бүгін, 26 қазан күні, іріктеу кезеңінің екінші күні басталады. Спорттық гимнастиканың үздігі саналатын АҚШ, Жапония және Қытай спортшылары жарысты бүгін бастамақ. Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша финалға жолдама алған командалар анықталады.

Айта кетелік, жекелей сында Нариман Курбановтың финалаға өту мүмкіндігі жоғары. Ол ат снарядындағы жаттығуда 14.466 ұпай жинады. 

Аталған әлем чемпионаты 2020 жылғы Токио Олимпиадасының іріктеу кезеңі саналатынын естеріңізге саламыз.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал