01.10.2018, 17:50 1211 Әлем чемпионатында Қазақстан кезекті рет жеңіліс тапты

Жапонияның Хамамацу қаласында өтіп жатқан волейболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Қазақстан құрамасы кезекті рет жеңілді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан қыздар құрамасы қатарынан үшінші матчта ұтылып отыр.

Кения мен Пуэрто-Рикодан 0:3 есебімен жеңілген біздің команда бүгін Доминикан Республикасына есе жіберді. Есеп - 0:3. 

Үш кездесуден соң бірде-бір ұпай жинай алмаған Қазақстан D тобындағы соңғы орында келеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал