01.10.2018, 7:04 1082 Әлем чемпионатында Қазақстан Пуэрто-Рикодан жеңілді

Волейболдан Жапонияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы кезекті рет жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Кеше Кенияға 0:3 есебімен жол берген біздің құрама бүгін де дәл осындай есеппен ұтылды. Бұл жолы Пуэрто-Рикоға есе жібердік. 

Қазақстандық команда үш партияда 21:25, 15:25 және 22:25 есебімен қарсыластарға жол берді. 

Бүгінгі кездесуде Сана Анарқұлова 8, Екатерина Жданова мен Яна Петренко 7 ұпайдан жинады. 

D тобында екі кездесуде де жеңіске жеткен Сербия мен Бразилия құрамалары көш бастап тұр. 

Ертең біздің құрама Доминикан Республикасына қарсы ойнайды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал