26.09.2018, 19:15 8037 Әлем чемпионатында қыздар арасындағы бәсеке басталды

Австрияның Инстбурк қаласында велоспорттан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер арасындағы сында Қазақстан намысын Наталья Сайфутдинова мен Фаина Потапова қорғаған болатын. 

Өкінішке қарай, жерлестеріміз  жоғары нәтиже көрсете алған жоқ. Сайфутдинова 43-ші, Потапова 45-ші болып мәреге жетті. 

Бұл бәсекедегі үш медаль да Нидерланд қыздарының еншісінде кетті.

Аннемик ван Влютен бірінші, Анна ван дер Брегген екінші, Эллен ван Дейк үшінші орыннан көрінді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал