24.03.2018, 15:11 1441 Әлем чемпионатында Тұрсынбаева 11-ші орын иеленді

Италияның Милан қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қоссайыстың (қысқа және еркін бағдарлама) қорытындысы бойынша 223.23 ұпай жинаған канадалық Кейтлин Осмонд жеңімпаз атанды. Күміс жүлде жапониялық Вакаба Хигутиге (210.90) бұйырса, оның отандасы Сатоко Мияхара (210.08) үздік үштікті қорытындылады.

Отандасымыз Элизабет Тұрсынбаева 186.85 ұпаймен 11-ші орында жайғасты.

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты, Милан, Италия

Әйелдер, жекелей сайыс, еркін бағдарлама

1. Кейтлин Осмонд (Канада) – 223.23

2. Вакаба Хигути (Жапония) – 210.90

3. Сатоко Мияхара (Жапония) – 210.08

…11. Элизабет Тұрсынбаева (Қазақстан) – 186.85

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал