04.06.2018, 16:48 1372 Әлем чемпионатындағы ең қымбат ойыншылар анықталды. Тізімде Роналдуға орын табылмады

Ресейде өтетін Әлем чемпионатының басталуына тура 10 күн қалды. Ал, бүгін мундиальға қатысатын құрамалар нақты құрамын бекітті. «SPORTINFORM» тілшісі бұл тұста 21-ші ӘЧ-на қатысатын құрамалардың ең қымбат ойыншыларын анықтады.

Футболшылардың құнын есептеуде атақты transfermarkt неміс порталының көмегіне жүгіндік. Ең қызығы, төмендегі біз көрсеткен тізімде Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналдуға орын табылмады.

Қақпашы: Давид Де Хеа (70 миллион еуро);

Қорғаушылар: Марсело (60 миллион еуро), Самуэль Умтити (60 миллион еуро), Рафаэль Варан (70 миллион еуро), Даниель Карвахаль (60 миллион еуро);

Жартылай қорғаушылар: Поль Погба (90 миллион еуро), Деле Алли (100 миллион еуро), Кевин Де Брюйне (150 миллион еуро);

Шабуылшылар: Неймар (180 миллион еуро), Харри Кейн (150 миллион еуро), Лионель Месси (180 миллион еуро).

Айта кетейік, Ресейде өтетін Әлем чемпионаты 14-ші маусым мен 15-ші шілде аралығында өтеді. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал