14.06.2018, 10:41 338 Әлем чемпионатының ашылу салтанатында 20 елдің басшылары бас қосады

Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында футболдан өтетін әлем чемпионатының ашылу салтанатында 20 елдің басшылары бас қосады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Аламан додаға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та барады. Қазірдің өзінде Ресейге Әзірбайжан басшысы Ильхам Әлиев, Руанда президенті Поль Кагаме, Ливанның премьер-министрі Саад Харири келіп қойған.

 Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионатының ашылу рәсімі 14 маусым күні «Лужники» стадионында өтеді. Ресми шарадан соң Ресей мен Сауд Арабиясының ойыншылары өзара тартысқа түседі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал