31.07.2018, 14:24 958 Әлем Кубогы: Қазақстандық таеквондошылар қола үшін күресте Ираннан ұтылып қалды

Қытайдың Уси қаласында таеквондодан командалық есептегі Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Аталған сынға қатысқан Қазақстан ұлттық құрамасы қола жүлде үшін таласта Ираннан ұтылып қалды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан таеквондошылары алғашқы кездесуінде Оңтүстік Кореядан жеңіліп, екінші айналымда Кот д'ивуар құрамасын ұтқан болатын. Ал үшінші орынға күресте Иран құрамасынан екі ұпай айырмашылығымен жеңілді. 

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал