16.03.2018, 9:31 770 Әлем кубогында ел намысын үш спортшы қорғайды

Бакуде спорттық гимнастика бойынша Әлем кубогы басталды. Жарысқа қазақстандық спортшылар қатысып жатыр, деп хабарлайды Әзербайжандағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Қазақстанның намысын Нариман Құрбанов, Даниил Батурин және Ербол Жантықов қорғайды. 

«Біздің спортшылар іріктеу жарыстарында қоссырық (Е.Жантықов) және керме (Д.Батурин) бойынша еркін жаттығуларға қатысып жатыр. 16 наурызда өтетін атпен жаттығуда Н.Құрбанов бақ сынайды», - деді қазақстандық команданың жаттықтырушысы Ерлан Ұзақов.

Е.Ұзақовтың айтуынша, Н.Құрбанов ақпан айында Аустралияның Мельбурн қаласында атпен жаттығуда «алтын» жүлдеге қол жеткізген.

Қазақстандық жасақтың жаттықтырушысы Әзербайжанда біздің команданың жақсы нәтиже көрсететініне үміттенетінін жеткізді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал