10.05.2018, 10:20 918 Әлемнің экс-чемпионы Головкин үшін аса қауіпті қарсыласты атады

WBA тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Остин Траут Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) Джермалл Чарломен (27-0, 21 КО) айқасы жайлы пікірін білдірді.
Еске сала кетсек, Чарло WBC бойынша Головкинмен кездесуге міндетті үміткер. Джермаллдың өзі жақында берген сұхбатында: «Фанаттар сенеді, мен де әйтеуір бір тамаша күні жекпе-жегіміз өтеді деп ойлаймын. Өзімді мықтылардың бірімін деп санауым үшін Головкинмен айқасуым керек».
«Головкин не істеуі керек болса, соны жасады. Дегенмен бірінші раунда Ванес екі рет тәуір соққы берді. Головкин - Чарло? Мен осы айқасты көргім келеді. Чарло жақсы ұрады. Ол GGG үшін аса қауіпті. Головкин қартайып барады»,- деді Траут EsNews берген сұхбатында.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал