09.08.2018, 11:00 309 Әли Ахмедов кезекті қарсыласын нокаутқа түсірді

Жартылай ауыр салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын қазақстандық  Әли Ахмедов кәсіпқой бокста өзінің он екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.   

Отандасымыздың айқасы Голливудтағы (Калифорния штаты, АҚШ) «Hollywood Fight Nights 2» бокс кешінің басты оқиғасына айналды. Ахмедовтың қарсыласы жергілікті боксшы Джордж Эскаланте болды.

Алты раундқа жоспарланған кездесу Әлидің жойқын соққыларымен басталды. Жерлесіміз қарсыласын джеб әдісімен шабуылдаумен болды. Үшінші раунд басталған кезде Ахмедов америкалық боксшыны бұрышқа тақап, нокдаунға түсірді. Ал, төртінші кезеңде төреші ұрысты мерзімінен бұрын аяқтауды шешті.

Бұл жекпе-жектен кейін Ахмедов өзінің рекордын сақтап қала білді – 12 кездесуде 12 рет жеңіс тойлады (тоғызы – мерзімінен бұрын).

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал