06.07.2018, 20:00 748 Әли Ахмедовтың Голливудта өнер көрсететіні ресми жарияланды

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтың рингке қашан оралатыны ресми жарияланды, деп хабарлайды «SPORTINFROM» САА.
8 тамыз күні Әли Ахмедов Голливудта (Калифорния, АҚШ) өтетін Hollywood Fight Night бокс кешінде өнер көрсетеді. Қазақстандық боксшы танымал Avalon Hollywood түнгі клубындағы рингте 8 раундтық жекпе-жек өткізеді.
Ахмедовтің алдағы жекпе-жегі туралы Том Леффлердің 360 promotions промоутерлік компаниясы мәлімдеді.
Әли Ахмедов соңғы рет 30 желтоқсанда Алматыдағы бокс кешінде әзербайжандық боксшы Эсмат Эйнуллаевпен жекпе-жек өткізіп, мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болатын.
Содан кейін Ахмедов Абель Санчестің «Big Bear» бокс лагеріне барып, келесі жекпе-жегіне дайындалған әрі Геннадий Головкинге спарринг қарсылас болған.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал