28.07.2018, 11:00 707 Али Балоев титулды айқас алдында салмақ өлшеді

Қазақстандық боксшы Али Балоев (5-0, 4 КО) кезекті айқасының алдында салмақ өлшеу процедурасынан сәтті өтті.
Ертең Остинде (Техас штаты) Балоев бірінші ауыр салмақтағы Солтүстік Америка чемпионы (WBC NABF) титулы үшін айқасады. Ол 36 жастағы америкалық Ричард Уркизомен (3-4-2, 1 КО) жұдырықтаспақ. Бұдан бөлек, осы бокс кешінде Austin Sports Center аренасының рингіне біздің басқа да отандастарымыз шығады.
Екінші жеңіл салмақтағы Искандер Харсан (3-0, 3 КО) мексикалық Мануэль Рубалькавымен (4-27) күш сынасса, кәсіби бокстағы дебютант Асхат Жантұрсынов бірінші ауыр салмақта америкалық Майкл Коронадомен (1-1-1) айқасады.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал