02.05.2018, 12:38 1478 Алина Әділханова көркем гимнастикадан Азия чемпионы атанды

Малайзияның Куала-Лумпур қаласында көркем гимнастикадан жастар арасында Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды «SPORTINFORM» тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Алина Әділханова жастар арасындағы көпсайыста жеңімпаз атанды. Екінші орынды өзбекстандық Сабина Ташкенбаев иеленсе, оның отандасы Нуриниссо Усманова үздік үштікті қорытындылады.

Топтық жаттығуда біздің қыздарымыз (Регина Султановна, Даяна Жақыпова, Анель Талғатбек, Джессика Будник және Жанерке Дәулетқұлова) екінші орын алды. Жеңіс жапониялық гимнасшыларға бұйырса, малайзиялық спортшылар үздік үштікті түйіндеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал