11.07.2018, 10:00 1190 Әлия Юсупова Азия ойындарына қатысатын гимнастардың есімін атады

Көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әлия Юсупова Азия ойындарына қатысатын спортшылардың есімін атады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Бас бапкердің айтуынша, қазақстандық гимнастар командалық есепте жүлдеден үмітті. 

Джакартада өтетін Азия ойындарында көркем гимнастикадан ел намысын қорғайтын спортшылар: 

Алина Әділханова,

Адиля Тілекенова,

Селина Жұматаева,

Даяна Әбдірбекова.

Қазіргі таңда спортшылар өз қалаларында жаттығуда, ал 1 тамыздан бастап барлығы Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынында бас қосады. Ұлттық құраманың көшбасшысы - Алина Әділханова.

Еске сала кетейік, Инчхондағы Азия ойындарында көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы командалық есепте қола жүлдегер атанған болатын. 

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал