22.04.2018, 18:18 873 «Алматы-Марафон 2018» аясында халықаралық Fun Run жүгірісі өтті

Алматыда Астана әкімдігі, ҚР ҰОК пен АОК-ның қолдауы арқасында 10-14 жастағы балалар арасында Fun Run жүгірісі өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Fun Run Джакартада өтетін Азия ойындарының қарсаңында Азия Олимпиада кеңесінің арнайы жобасы. Аталмыш марафон жүгірісі 45 елде өткізіледі.

Бұл шараға АОК пен Азия ойындарының ұйымдастыру комитетінің өкілдері қатысты. Fun Run жүгірісіне қатысқан балалар Азия Олимпиада кеңесінің өкілдерінен арнайы медальдар мен сыйлықтарға ие болды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал