04.05.2018, 11:18 856 «Алматы» Вьетнамдағы халықаралық жарысқа қатысады

Мамырдың 12-20 аралығында Вьетнам елінің  Куангнам аймағында қыздар арасындағы волейболдан дәстүрлі халықаралық «Кубок VTV 9 Tournament» кубогы өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

Айтылған додаға Азия елдерінен келген 8 команда, оның ішінде Қазақстан да өнер көрсетеді. Еліміздің намысын тұңғыш рет ұлттық құрама емес, «Алматы» волейбол клубы қорғайтын болады. Қазір Анатолий Дьяченко шәкірттері осы жарысқа қызу дайндалып жатыр.

Айта кетер жайт, алматылық ұжым жақында ел чемпионатын аяқтап, төртінші орынға тұрақталған болатын. Команда қысқа демалыстан кейін жаттығуға қайта кірісіп кетті. Олардың  арасында осы жарысқа бірінші рет баратын ойыншылар жетерлік.

Бұл Кубоктың  нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медалдар мен ақшалай сыйлықтарға ие болады. Олардың көлемі 15, 10 және 7 мың долларды құрайды. Сондай-ақ, ойыншыларға номинациялар бойынша жүлделер қарастырылған.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал