20.02.2018, 13:53 1008 «Алматы» ВК керемет нәтижеге қол жеткізді

«Алматы» әйелдер волейбол клубы Ұлттық лиганың IV туры аясында 7 ойында 6 рет жеңіске жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Алматы облысында өткен волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың кезекті турында «Алматы» клубының спортшылары керемет жетістікке қол жеткізді. Олар 7 ойынға қатысып, 6 рет жеңіс тойын тойлады. Алматылықтар тізе бүктірген командалардың қатарында елдің күміс жүлдегерлері «Ертіс-Казхром» да бар. Анатолий Дьяченконың шәкірттері тек «Жетісу» волейболшыларына есе жіберді.   

 «Алматы» -  «Астана» 3:0 (25:18, 25:20, 25:23)

«Алматы» - «Алтай-2» 3:0 (25:12, 25:18, 25:19)

«Алматы» - «Қуаныш» 3:2 (25:17, 23:25, 25:23, 24:26, 15:11)

«Алматы» - «Алтай» 3:2 (26:24, 17:25, 25:21, 23:25, 15:13)

«Алматы» - «Ертіс-Казхром» 3:2 (25:22, 18:25, 25:19, 20:25, 15:13)

«Алматы» - «Жетісу» 1:3 (20:25, 25:16, 23:25, 18:25)

«Алматы» - «Қарағанды» 3:1 (25:16, 24:26, 25:17, 25:22)

Бесінші турдың шешуші ойындары 17-26 наурыз аралығында Павлодар қаласында өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал