21.04.2018, 2:21 756 Алматыда Амалбек Тшановтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир басталды

Алматыда бокстан жастар ҚСРО-ның спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген бапкері Амалбек Тшановтың арналған халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Жарыстың салтанатты ашылуында Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Әбіл Дөңбаев қатысып, өз құттықтауын жеткізді.

- Жақында мен Амалбек Қозыбақұлының мерейтойында болдым. Өмірде, Қазақстан тарихында қоғам қайраткері, мемлекеттік қызметші, спорт жаңашыры және спортшы ретінде Амалбек ағамыздың орыны бөлек деп мен мақтанышпен айта аламын. Жылдан жылға осы жарыстың дәрежесі өсіп, уақыт өткен сайын оның маңызы, мәні өте тереңде болады деп ойлаймын, - деді Әбіл Дөңбаев.

Жарыс Республикалық спорт колледжінің жеңіл атлетика манежінде өтіп жатыр. Бокс бәсекесі сәуірдің 24-і дейін жалғасады. Осы додаға 130-дан асқан еліміздің әр өңірден және Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Тәжікстан өкілдері өз бақтарын сынауға келген.

-Біздің мақсат бокс спорт түрін жастардыңи арасында дамыту және оларды спорт шеберлігіне дайындау болып табылады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталады. 75 келі салмақта жеңімпаз атанған боксышыға 100 мың теңге сыйақы тағайындадық, себебі кезінде мен өзім осы салмақта өнер көрсеткенмін, - дейді Амалбек Тшанов.

Бүгін, жарыстың бірінші күні боксшылар бастапқы кездесулерін өткізді. Турнирге тек спорт шеберлігіне үміткер 2000-2001 жылғы боксшылар қатысуда. Олар 10 салмақ дәрежесі бойынша 49, 52, 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91, +91 кг өзара мықтыны анықтайды.

-Мен өзбек қарсыласымды ұттым. Өте ризамын, ертең қырғызстандық боксшыға қарсы шығамын. Дайындық жаман емес, осы турнирді жеңсем деген

ниет бар. Алдағы уақытта да басқа жарыстар күтіп тұр, - деп өз ойымен Азия чемпионы Айтжан Әшірхан бөлісті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медал және бағалы сыйлықтарға ие болады. Сонымен қатар, «Турнирдін үздік боксшысы», «Күннің үздік боксшысы» және «Үздік төреші» номинациялары марапатталады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал