05.07.2018, 12:54 697 Алматыда ашық суда жүзуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

3-8 шілде аралығында Алматыда ашық суда жүзуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Аталған турнирде екі бірдей әлем чемпионатына қатысатын спортшылар іріктеледі деп жазады Olympic.kz

Кеше 10 шақырымға жүзуден жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды. Бұл олимпиадалық қашықтық болып есептеледі, сондықтан да, спортшылар жеңіске жету үшін бар күшін салғаны сөзсіз. 10 шақырымдық бәсекеде Кенесары Кененбаев Қазақстан чемпионы атанды.

2019 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионаты 2020 жылғы Токио олимпиадасына лицензия таратпақшы. Аталған сынға қатысатын Қазақстан спортшылары келесі жылдың ақпаны мен наурызында таңдалады. Әлем чемпионатында үздік ондыққа енген спортшылар тікелей Олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болатынын естеріңізге саламыз. Ал Олимпиадаға жолдама беретін екінші лицензиялық жарыс 2020 жылы өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал