06.04.2018, 11:57 784 Алматыда бильярдтан Әлем чемпионаты өтіп жатыр

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бильярдтан «динамикалық пирамида» бойынша  әлем чемпионатының   жалауы желбіреді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

Әлем біріншілігіне 19 мемлекеттен келген 100-ге жуық спортшылар өзара мықтыны анықтайды. Жарыстың  жүлде қоры 12 млн теңгені құрайды.

Дүбірлі додаға  64 ерлер және 32 әйелдер командалары қатысады. Олардың ішінде әлем чемпиондарымен қатар жас спортшылар да бар. Олар Ярослав Тарновецкий (Украина), Сергей Крыжановский (Молдова), Артур Пивченко (Украина), Никита Ливада (Ресей), Қаныбек Сағымбаев  (Қырғызстан), Владислав Осьминин (Ресей), Леонид Швыряев (Ресей) және де қазақстандықтар әлемнің үш дүркін чемпионы, Еуропа және Азия біріншіліктерінің жеңімпазы Әлихан Каранеев, әлем чемпиондары Ернар Шымбаев пен Әлібек Омаров сондай-ақ, республикалық чемпионаттың жеңімпазы Арби Муциев.

Бұл чемпионат KazSport телеарнасында және YouTube каналында көрсетіледі. Сонымен қатар,  байрақты бәсекенің ойындары Бастау клубында өткізілуде. Жарыстың  финалдық ойыны  сәуірдің 8- і күні өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал