07.05.2018, 10:16 738 Алматыда джиу-джитсудан «Koktem open-2018» турнирі басталды

Almaty Arena спорт кешенінде бразилиялық джиу-джитсудан Arlan Grip Selection «Koktem open-2018» xалықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ХАБ-қа сілтеме жасап.

Жарыстың бірінші күні 6-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер күш сынасты. 400-ге жуық спортшы тек Алматы қаласы емес, еліміздің әр облысынан және Қырғыстаннан келіп өнер көрсетті.

Осы аренаға жиналған қонақтар мен ата-аналар қызықты әрі тартысты кездесулердің куәсі болып, оларға қолдау көрсетті. Нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль және дипломмен марапатталды.

-Жарыс жақсы деңгейде өтті. Өкінішке қарай, бірінші орын ала алмадым. Қарсыласым мықты болды. Оның үстіне соңғы жаттығуларға көптеген себептермен келе алмадым, сол нәтижеге өз әсерін тигізді. Бірақ, алда жеңісті күндер көп болады деп сенемін, - деді қола жүлдегер Арнур Шабдар.

Айта кету керек, бұл жарыс IBJJF ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері бойынша ұйымдастырылды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал