14.04.2018, 16:38 691 Алматыда дзюдодан Азия кубогы өтеді

Сәуірдің 21-22 аралығында Алматыда Қазақстан дзюдо Федерациясының құрметті президенті Бекет Сапабекұлы Махмұтовтың құрметіне арналған жастар арасында Азия кубогы өтеді,  деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш турнир Халықаралық дзюдо Федерациясының күнтізбесіне енгізіліп, 300-ге жуық спортшыларды қабылдайды. Жарыс мына салмақтар бойынша өтеді: (еркектер: -55 кг, -60 кг, -66 кг, -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг; қыздар: -44 кг, -48 кг, -52 кг, -57 кг, -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг).

IJF заңына сай турнирдің чемпиондары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпай беріледі: 1 орын – 100, 2 орын – 60 және 3 орын – 40.

Жарыс бағдарламасы

21 сәуір

Жарыстың басталуы – 10:00

Жарыстың ашылу салтанаты – 16:00

Финал– 16:30

Еркектер: -55 кг, -60 кг, -66 кг;

Қыздар: -44 кг, - 48 кг, - 52 кг, -57 кг;

22 сәуір

Жарыстың басталуы – 10:00

Финал – 16:30

Еркектер: -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг;

Қыздар: -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг;

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал