27.06.2018, 15:02 778 Алматыда еркін күрестен ұлттық құрама командалардың матчтық кездесуі өтеді

6 шілде күні Алматыда еркін күрестен жас балуандар арасындағы халықаралық турнир өтеді. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ұлттық құрама командалардың матчтық кездесуі өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Турнир Астана күні мерекесіне орай өткізілмекші. Аталған бәсекеге Қазақстан, Ресей, Иран, АҚШ, Украина және Өзбекстан елдерінің жас спортшылары қатысады деп күтілуде. Қазақстан құрамасы сапында еркін күрес Академиясында оқып, жаттығатын балуандар сынға түседі.   

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал