03.04.2018, 16:38 806 Елімізде грепплингтен Азия чемпионаты өтеді



Сәуірдің 14-і мен 15-і күндері Almaty Arena спорт кешенінде грепплингтен Азия чемпионатында әлем жұлдыздары бақ сынайды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

ACB JJ лигасы әлем бойынша үздік джитсерлерді іріктеуде, олардыңауқымды турнирлері Оңтүстік Америка мен Еуропада өткізілген. 

Айта кетер жайт, АСВ JJ лигасының бірден-бір ерекшелігі – ересектерарасында сарапқа салынатын ақшалай сыйлықтар. Бұл чемпионаттың жүлдеқоры 50 000$ құрайды. 

Жарыстың басты ұйымдастырушылары АСВ JJ мен қазақстандық джиу-джитсу және грепплинг федерациясы. 

Турнирге балалар, жастар және кәсіби спортшыларға дейін қатыса алады. 

Спорт сүйер қауым Адам Вардзински, Филипп Пэн және Мийяоағайындарының қатысуымен қызықты да тартысты жекпе-жектер күтуде. 

Сонымен қатар, басқа да атақты спортшылардың белдесулері джиу-джитсужәне грепплинг жанкүйерлерін бейжай қалдырмас.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал