26.04.2018, 18:30 1282 Алматыда қазақ күресінен «Алматы Барысы-2018» турнирі өтеді

Оңтүстік астанада мамырдың 1-ші күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен «Алматы Барысы – 2018 турнирі өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

Ең ауқымды спорт шаралардың біріне айналған жарысқа аудандық жарыстардан іріктелген үздік палуандар өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Турнирдің  жеңімпаздары мен жүлдегерлері белбеу және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жарыстың чемпионы атанып «Алматы Барысы-2018» белбеуіне ие болған палуан және  екінші, үшінші  орын алған спортшылар  республикалық «Казақстан Барысы-2018» турниріне жолдама алып, Алматының намысын қорғайтын болады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал