14.02.2018, 13:37 181 Алматыда Kazakhstan Top Team клубының жаңа академиясы ашылды

Алып шаһарда белгілі Kazakhstan Top Team клубының бразилиялық джиу-джитсу және грепплингтан Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы академиясы ашылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ХАБ-қа сілтеме жасап.

Спорттық ғимарат Қажымұқан көшесі 22 А орналасқан. Kazakhstan Top Team клубынын мүшелері бұдан бөлек Қазақфильмдегі залда дайындық өткізеді. Бұл жаңа жаттығу залы осымен Алматыда екінші болып саналады.

Сонымен қатар, көптеген халықаралық дәрежедегі чемпиондарды дайындап жүрген академияның Қазақстан бойынша Ақтөбе, Атырау, Орал, Талдықорған қалаларында да жаттығу залдары бар. Жақын арада, Астана қаласында Kazakhstan Top Team академиясы ашылады.

Джиу-джитсу, шығыс халықтарының жекпе-жек спорт түрлерінің негізін қалаған жапондықтардың дәстүрлі, ұлттық күресі. Бұл спорттың ерекшелігі шабуыл жасаған қарсыласына дүлей қара күшті қолданбай, қарсыластың бағытын өзгертуге, тепе-теңдік қалпынан шығарып, содан кейін барып әдіс қолдануға болады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал