02.08.2018, 12:07 697 Алматыда триатлоннан Азия кубогы өтеді

4-5 тамыз күндері Алматыда алғаш рет триатлоннан Азия кубогы өтеді. «Almaty Asian Cup 2018» турнирі Азия триатлон конфедерациясының (ASTC) қолдауымен ұйымдастырылады. Жарысқа 22 елдің спортшылары қатысады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыс қорытындысы бойынша, ұйымдастырушылар мықты атлеттерді дайындап, қазақстандық триатлеттердің шеберлігін арттырып, Қазақстанда триатлонды насихаттауды мақсат еткен. 

Турнирдің алғашқы жарыс күнінде Бельгия, Гонконг, Украина, Австралия, Сирия, Люксембург, Венгрия, Австрия, Оңтүстік Корея, Тайпей, Ресеф, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Қазақстан спортшылары бақ сынайды. Кәсіби спортшылар «спринт» қашықтығында жарысатын болады. Бұл – 750 метрге жүзу, велосипедпен 20 шақырымға жарысу және 5 шақырымға жүгіруден құралатын сайыс. 

Бұл категорияда Қазақстан атынан сынға түсетін ерлер: Аян Бейсенбаев, Темірлан Теміров, Дарын Қонысбаев, Мейірлан Ысқақов, Семен Пивоваров, Максим Крят, Александр Автушко және Сабыржан Қосақ. 

Әйелдер арасында Арина Шульгина, Анастасия Автушко, Ашраф Камалова, Надежда Бекмаганбетова, Яна Морозова және Ғазиза Құмақбаевалар ел намысын қорғайды. 

5 тамыз күні атлеттер Age Group категориясында күш сынасып, стандантты қашықтықтағы жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтайды. Бұл – 1,5 шақырымға жүзу, 40 шақырым велоэтап, 10 шақырымға жүгіру. 

Бүгінгі таңда спортшыларды акредиттеу жабылды. Жарысқа қатысуға Elite категориясынан 58 атлет өтінім берді. Оның ішінде 41 ер адам, 17 әйел адам. Age Group категориясында 193 спортшы бақ сынайды, оның ішінде, 163 атлет жекелей сында, 10 спортшы командалық эстафетана сынға түседі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал