12.07.2018, 14:33 184 Алматыда түнгі велошеру өтеді

14-ші шілде  күні алып шаһарда осы жылғы бірінші түнгі велошеру өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өтетін велошерудің  қашықтығы 7 шақырымды  құрайды. Кез келген қала қонақтары мен тұрғындары «Нұрлы Тау» бизнес орталығына кешкі 20:00-де жиналып,  спорттық шараға қатыса алады.  

Әуесқойлар Әл-Фараби даңғылымен көтеріліп,  Тұңғыш Президенті саябағында  мәреге жетеді. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Басты сыйлық – велосипед.

Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің оныншысы болып саналады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал