05.05.2018, 13:25 1190 Алматыда жаңа көкпар командасы құрылды

Биыл Алматы әкімдігінің қолдауымен  алып шаһарда жаңа көкпар командасы құрылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ХАБ-қа сілтеме жасап.

Команданың алғашқы ойыны  мамырдың 7-і  күні Алматы ипподромында  ұлттық спорт түрлерінен өтетін «Ұлы дала ойындары» фестивалінде өтеді.  

Бүгінгі күні,  көкпаршылар фестивальге қалалық ипподромда қызу дайындалып, бірінші орыннан да дәмелі екендігін жеткізді.

«Ұлы дала ойындары» фестивалінен  кейін олар  маусымның 27-і күні Астанада   өтетін ел чемпионатында  қала намысын қорғайды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал