13.07.2018, 17:05 728 Алматыда жас теннисшілер арасында үздіктер анықталды

 

Алматыда он жасқа дейінгі балалар арасындағы теннистен Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Қорытынды кезеңде Заңғар Нұрланұлы мен Тимур Гусейнов бақ сынады. Заңғар қарсыласына жасаған қарымта соққылары нәтижесінде үздік атанды. Есеп – 4.0.

Айта кетейік, жас теннисші – жақында спорт алаңының ашылуына қатысып, Елбасының батасын алған балдырғанның бірі.

«Бұл кездесу мені жігерлендірді», – дейді теннсші. Заңғар жас болса да спорттық жарыстарда өз қатарлары арасында көш бастап келеді. Қазір енді жасы үлкен теннисшілермен сайысқа түсіп жүр.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал