20.02.2018, 15:13 786 Алматылық гимнаст қыз халықаралық турнирде 3 медаль жеңіп алды

Алматылық гимнаст қыз Сабина Қикымова Эстониядағы дүбірлі додадан жүлдемен оралды, деп хабарлайды қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Сабина көркем гимнастикадан  «Miss Valentine 2018» халықаралық турнирінде алдына жан салмай, 2 алтын, 1 күміс медаль алды.

Сайыс Эстонияның  Тарту қаласында өткен болатын. Жарыста әлемнің 27 елінен гимнаст қыздар бақ сынасты.

 «Мiss Valentine» турнирі - Эстонияда өткізілетін аса ірі халықаралық жарыс. Тартудағы гимнастика апталығы мен «Miss Valentine» турнирі Эстония мемлекетінің 100 жылдығын тойлауға тұспа тұс келеді.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал