21.03.2018, 18:37 1202 «Алтай» әйелдер арасында ұлттық лиганың чемпионы атанды

Өскемендік «Алтай» волейболдан әйелдер арасында ұлттық лиганың чемпионы атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Соңғы 5-тур ойындары қазір Павлодар қаласында өтіп жатыр. Шығыс Қазақстандық команда алдыңғы турлардың барлығында жеңімпаз атанған болатын. Сондықтан финалдық кезеңде топ жару оларға қиын болған жоқ. Осылайша Ұлттық Лиганың үздігі жарыс аяқталмай жатып анықталды. Ал, қалған күміс және қола жүлдені жергілікті «Ертіс-Казхром» мен талдықорғандық «Жетісу» сарапқа салады.

Биылғы чемпионаттың ерекшелігі - төрешілер алғаш рет итальянның электронды есептеу жүйесін қолданып жатыр. Бағдарлама арқылы хаттамалар бірден сайтқа түсіп отырады. Мамандар келер жылдан бастап, Қазақстандағы волейбол жарыстары толық цифрлық жүйеге көшетінін айтады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал