12.07.2018, 18:28 1273 «Алтай» клубаралық Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Өскеменде волейболдан клубаралық Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Жергілікті «Алтай» алғашқы кездесуін ирандық командаға қарсы өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Енді өскемендік волейболшылар Қытай, Индонезия, Иран, Таиланд, Шри-Ланка, Вьетнам, Тайпей және Жапонияның клубтарымен жолығады. «Алтай» командасы үшін шешуші сәт жапониялық «НЕК Ред Рокетс» және таиландтық «Суприммен» арадағы сайыста анықталады деп болжанып отыр.

Айта кету керек, «Суприм» командасының қарқыны жақсы, олар қытайдың спортшыларын алғашқы үш партияда артта қалдырды. Дегенмен жеңміпаздарды бөле-жарып, дөп басып айту қиын. Жаттықтырушылардың пайымдауынша, өскемендік «Алтай» командасынан зор үміт күтуге болады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал