20.09.2018, 15:56 6122 Алты спортшы жеңіл атлетикадан Азия рейтингінде үздіктер қатарына енді

Қазақстандық жеңіл атлеттер Азия рейтингінде үздіктер қатарына енді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Атап айтар болсақ, үш қарғып секіру, биіктікке секіру, 100, 200, 400 және 800 метрге жүгіруде ел спортшыларыалғашқы алтылықтан көрінген. 

Азия ойындарында 14.26 метрге секірген Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден рейтингте көш бастап тұр. Ол тап осындай көрсеткішпен Остравада өткен Құрлықтық кубокте күміс жүлдеге қол жеткізген еді. Сондай-ақ, тағы бір қазақстандық спортшы Ирина Эктова рейтингте үшінші орында. 

Виктория Зябкина екі бағдарлама бойынша үздіктер сапында.  Ол 100 метрге жүгіруде үшінші, 200 метрге жүгіруде екінші орында тұр. 

Сондай-ақ, рейтингке Маргарита Мукашева (800 метр), Элина Михина (400 метр) және Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру) енді. Михина төртінші, Дубовицкая бесінші сатыда.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал