30.04.2018, 15:29 752 Алтынбек Думанұлы чемпиондық белбеуін қорғады

Қазақстандық ММА жекпе-жек шебері Алтынбек Думанұлы «ABADANFC» чемпиондық белбеуін табысты қорғады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Алтынбек 29 сәуірде Қарағандыда өткен ММА халықаралық турнирі кешінің басты жекпе-жегінде бұрын жеңіліп көрмеген бразилиялық жекпе-жек шебері Джеферсон Де Оливейрамен күш сынасты.

Қазақстандық төрешілердің бірауыздан шешімімен қарсыласын жеңіп, ABADAN FC тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Осы кеште тағы бір қазақстандық жекпе-жек шебері Мырза Еркінбеков өзбек файтері Мухамеджон Каюмовты бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал