19.09.2018, 12:03 889 Альварес әлем чемпионы белдігінен айырылды

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) мексикалық Сауль Альварестен титулын алып қою туралы шешім қабылдаған. Ол бұл белдікті Геннадий Головкинді жеңген соң иеленген болатын, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

«Альварес Халықаралық бокс ұйымына (IBO) санкциялық жарна төлеуден бас тартқан. Соның салдарынан бұл титул бос қалды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, IBO белбеуі кәсіпқой бокстағы маңыздылығы жағынан бесінші болып саналады және қалғандарынан беделі ең төмені. Реванштың қортындысы бойынша мексикалық WBA Super, WBC, сондай-ақ The Ring журналының тұжырымы бойынша желілік чемпион белбеуін иеленді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал