24.07.2018, 11:23 1044 Альварес допинг қолдануының басты себебін айтты

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен өтуі тиіс екінші кездесу алдынан допинг дауының туындауына өзін айыпты сезініп, жауапсыздығын мойындап отыр.

Альварес мексикалық спортшылардың көпшілігі еттің құрамындағы кленбутеролдың көп болуынан жәбірленгеніне қарамастан, осы мәселеге жете мән бермегенін мойындаған.

«Осыған қатысты жаңалықтардың тақырыбына көзім түсіп еді, бірақ ішін ашып оқымаппын. Бұл - менің кемшілігім. Мен осыны өз командама ескертуге тиіс едім. Менде бұрын бұлай болмаған. Өкінішке қарай, осы жолы кезек маған келді. Бұрын біраз боксшының кленбутеролға тапсырған сынамасы оң нәтиже бергенін білуші едім, бірақ оған қатты мән бермеген. Бұл - менің жауапсыздығым», - деді ол.

Боксшы арнайы допинг қабылдамағанын тілге тиек етті.

«Мен ешқашан саналы түрде допинг қолданған емеспін. Жекпе-жек үшін маған тыйым салынған заттардың түк қажеті жоқ. Мен ешқашан мұндай қадамға бармаймын, өйткені мен адал адаммын, өз кәсібімді құрметтеймін. Бокс - менің өмірім, оның масқара болуын қаламаймын. Оны менің балаларым көреді, сондықтан мұндай әрекет жасамаймын», - дейді «Канело» ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, Сауль Альварес Невада штаты Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімімен уақытша спорттан шеттетілген еді.

Наурыз айының басында Сауль Альварестен алынған допинг-сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат табылды. Оның мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшының қан құрамынан тыйым салынған препарат - Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал