24.07.2018, 15:19 714 Альварес Головкинмен жекпе-жек алдында өзінің «таза» екенін айтты

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің айтуынша, одан алынған түк фолликуласының сынамасы кленбутеролдың ағзасына әдейі түспегенін дәлелдеп тұр.

Геннадий Головкинмен қарымта кездесудің алдында жасалған допинг сынамалары көрсеткен оң нәтижелерден кейін Альварес шаштың буылтығына сынама жасауға рұқсат берді. Нәтижесінде ағзасынан тыйым салынған заттар табылған жоқ.

«Шаштың үлгілері бар. Бұл тек маған байланысты емес, сондай-ақ, VADA мен кеңес барын ұмытпаған жөн. Шаштың сынамасы барлығын айқын көрсетіп тұр. Менен алынған үлгілер алдамайды. Әр істе шынайы болған жөн», - деді Альварес ESPN Deportes-пен жүргізген сұхбатында.

Еске салайық, бүгін «Канело» GGG-мен өтетін рематчтың алдында болған допингке қатысты жағдайды толық жауапкершілігіне алды. Боксшы еттің құрамындағы кленбутеролдың көп болуына байланысты осы мәселеге жете мән бермегенін мойындады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал