24.09.2018, 14:00 737 Альварес Головкиннің екінші жекпе-жектегі жеңісін мойындады

WBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы колумбиялық әлем чемпионы Элейдер Альварес өзімен тегі бір мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің Геннадий Головкинмен реваншта жеңгенімен келіспейді.

Еске салайық, 16 қыркүйек күні GGG мен «Канело» арасындағы қарымта кездесу өтіп, төрешілердің шешіміне сәйкес мексикалық боксшы жеңімпаз атанған еді. «Бұл жолы «Канело» әлдеқайда мықты жұдырықтасты. Себебі ол әрдайым алға ұмтылып тұрды. Дегенмен Головкиннің соққылары дәлірек, айқын болды. Сондықтан мен оны жеңімпаз деп санаймын. Алайда бокста мұндай жағдайлар болып тұрады», - деді Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында Элейдер.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал